Қазақстан құрамасының футболшысы командасына еуропалық дербиде жеңіске жетуге көмектесті

© "Висла" ФК
Құрамында Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков ойнайтын польшалық "Висла" командасы сырт алаңда "Караковияны" ұтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Краковтық дерби Польша чемпионатының 25-шы туры аясында өтіп, 2:0 есебімен аяқталды. "Висла" сапында Якуб Блащиковски (пенальтиден 55-ші минут) және Эберт (90 +3) гол салды.

Жуков алаңға негізгі құраммен шығып, матчті толық ойнады. 77-ші минутта қазақстандық хавбекке сары қағаз көрсетілді. Бұл оның Польша чемпионатындағы бесінші ойыны. 

Осы матчтен кейін "Висла" 30 ұпаймен турнир кестесінде 13-ші келеді. "Краковия" (42) екінші орында қалды.