Қазақстан құрамасының футболшысы еуропалық клубпен жаңа келісімшартқа қол қойды

Сурет: "Висла" ФК
Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков краковтық "Висла" клубымен келісімшартын ұзартты, - деп хабарлайды польшалық команданың ресми сайты. 

Жаңа келісім 2022 жылдың 30 маусымына дейін есептелген.



Еске салайық, краковтық командаға Жуков жыл басында ауысқан. Өткен маусымда ол 13 матч өткізді. Биылғы маусымда жаңа командасы үшін үш ойынға қатысты

25 жастағы жартылай қорғаушы Ұлттар лигасының 2020/21 маусымындағы Литва және Беларуське қарсы ойындарға жасалған Қазақстан құрамасының резерв тізімінде бар екенін айта кетейік.