Қазақстан құрамасының футболшысы еуропалық клубқа Кубоктың келесі кезеңіне өтуге көмектесті

Владислав Васильев. Сурет: "Энергетик-БГУ"©

Сапында қазақстандық футболшылар  Владислав Васильев пен Бақдәулет Зүлфиқаров ойнайтын "Энергетик-БГУ" Беларусь кубогының 1/8 финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

1/16 финалда Минсктің футбол клубы "Молодечно" командасын 4:0 есебімен ұтты. Бірінші голды Владислав Васильев салды (25-ші минут), осыдан кейін Даниил Мирошников (69-шы), Диалло Мамаду (79-шы) және Андрей Рылач (88-ші минутта) көзге түсті.

Васильев алаңға негізгі құрамда шығып, толық матч ойнады, ал Зүлфиқаров бұл ойында болмады.

"Энергетик-БГУ" чемпионатта 13 тур қорытындысы бойынша 15 ұпаймен 16 команда арасында оныншы келеді. Команда келесі ойынды 26-маусым сырт алаңда "Славиеямен" өткізеді.

Жаңалықтар