Қазақстандық жартылай қорғаушы Владислав Васильев белоруссиялық "Рух" футбол командасының толыққанды мүшесі атанды. Бұл туралы "Родны футбол" телеграм арнасы хабарлап отыр.
Келісімшарт 2,5 жылға жасалғаны айтылды.
23 жастағы футболшы бресттік "Динамо" сапында болған, ал "Рух" үшін жалға алу құқымен ойнаған.
Еске салайық, "Рух" Беларусь чемпионатындағы 16 команда арасында сегізінші болды. Васильев 26 матчте сегіз гол салып, алты нәтижелі пас берген. Былтыр ол Қазақстан құрамасы сапында ойнай бастады.