Қазақстан құрамасының футболшысы Бельгия чемпионатының ең қымбат ойыншылары тізімінде

Сурет: "Беерсхот" ФК
Футболдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский Бельгия чемпионатының бірінші дивизионындағы ең қымбат ойыншылардан құралған команадаға қосылды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Футболшы жергілікті "Беерсхот" командасы сапында бірінші маусымын ойнады. 

Вороговский Transfermarkt.de тұжырымы бойынша Бельгия лигасының ең қымбат 11 футболшысының тізімінде. Оның тарнсферлік құны 600 мың еуро, ал қазақстандық ойыншымен бірге Proximus лигадағы бағалы футболшы қатарына "Беерсхот" сапынан Рафаэль Хольцхаузер де кіріп отыр. 




2019/20 маусымында Вороговский "Беерсхот" үшін 19 ойында, бір гол салды және бір нәтижелі пас берді. Сәуірде 23 жастағы футболшы Белгиялық командамен келісімшартын ұзартты.
Жаңалықтар