"Ақсу" клубы 27 жастағы жартылай қорғаушы Еркебұлан Тұңғышбаевпен келісімшартқа отырғанын хабарлады.
Бұған дейін Тұңғышбаев түркістандық "Тұранның" оқу-жаттығу жиынына қатысқан болатын.
Еркебұлан Тұңғышбаев "Ордабасының" түлегі болып табылады. 2014 жылы ол Премьер-лигада дебют жасады. Өткен маусымда ол шымкенттік клуб сапында 19 матч өткізіп, 4 гол соққан. Бірақ жарақатына байланысты маусым айынан қазан айының ортасына дейін алаңға шықпады.
Еркебұлан 2019-2020 жылдар аралығында алматылық "Қайраттың" намысын қорғап, мансабында алғаш рет Қазақстан чемпионы атанды. Ол Қазақстан Премьер-лигасында бас-аяғы 182 матч өткізіп, 25 гол соқты және 18 нәтижелі пас берді.
Сондай-ақ, 27 жастағы футболшы Қазақстан құрамасы жейдесінде 12 матч өткізіп, 1 гол соққан.