Қазақстан құрамасының футболшылары екінші лигаға түсіп қалған ресейлік командадан кетті

Сурет: "Ротор" ФК

Ресейлік "Ротор" футбол клубы Қазақстан құрамасының футболшылары Алексей Щеткин және Дмитрий Шомкомен қош айтысты. Сонымен бірге, командадан "Астана" сапында ойнаған Иван Маевский де кетті. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет Instagram желісінде хабарлап отыр.

"Щеткин мен Шомко "Ротордан" кетті. ҰФЛ-ге (Ресейдің екінші лигасы) түсіп қалған волгоградтық клуб жаңа маусымға дайындығын бастады, Мәскеу маңындағы оқу-жаттығу жиынында Алексей Щеткин мен Дмитрий Шомко жоқ. Иван Маевский де", - делінген хабарламада.

Еске салайық, өткен маусым қорытындысы бойынша "Ротор" турнир кестесінде 15-ші болып, екінші лигаға түсіп қалды. Үш футболшы да ресейлік командаға қыста "Астана" сапынан барған. Transfermarkt мәліметінше, олардың келісімшарты 30 маусымға дейін жасалған болатын.