Қазақстан құрамасының Еуропа чемпионатындағы бірінші матчіне тікелей көрсетілім

©futsalua.org

Бүгін, 20 қаңтарда футзалдан Қазақстан құрамасы Нидерландыда өтіп жатқан Еуро-2022 тунирінде бірінші кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Пауло Рикардо Кака жаттықтыратын жігіттер Словенияға қарсы ойнайды. Бұл топтағы өзге матчте Италия мен Финляндия күш сынаспақ.

Словениямен ойын 22:30-да басталады, оны Qazsport арансынан тамашалай аласыз. Ал тікелей трансляция мына жерде қолжетімді.

Айта кетейік, бұл жарысқа құрамамыздың кейбір ойыншылары мен бас бапкер бірден бара алмады. Бұған себеп олардың тесті COVID-19 індеті барын көрсеткен. 

Турнирдегі бірінші матчте Еуропаның қазіргі чемпионы Португалия құрамасы Сербиямен ойында камбэк жасады, ал Нидерланды командасы Украинаны ұтты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар