Қазақстан құрамасының Еуро-2022 топтық кезеңіндегі шешуші матчіне тікелей көрсетілім

©УЕФА

Бүгін, 28 қаңтар футзалдан Қазақстан құрамасы Еуро-2022 турнирінің В тобындағы үшінші матчін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүгінгі қарсылас Италия құрамасы. Кездесу Гронингенде (Нидерланды) өтеді, басталуы 22:30. Ойынды Qazsport тікелей көрсетеді. Трансляция мына сілтеме арқылы қолжетімді. Қатар өтетін матчте Словения мен Финляндия сынға түседі.

Ойынға Альберт Ақбалықов пен Шыңғыс Есенаманов қатыса алмайды. Бірінші ойында Қазақстан Словениямен тең түсті (4:4), екінші турда Финляндияны ұтты (6:2) және квартетте көш бастап келеді.

Ал Италия командасы Финляндия (3:3) және Словениямен (2:2) де тең ойнады. Италияға плей-офф кезеңіне шығу үшін Қазақстанды ұту керек. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: