Қазақстан құрамасының экс ойыншысы ҚПЛ клубына басшы болды

©Каспий ФК

Фархадбек Ирисметов "Каспий" клубының спорттық директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Каспий" клубының жаңа спорттық директоры болып қазақстандық маман Фархадбек Ирисметов тағайындалды. Ойыншы кезінде ұлттық құрама сапында, еліміздің бірқатар командасында, соның ішінде "Маңғыстау" клубында доп тепкен. Сәттілік тілейміз", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Ирисметов Қазақстан құрамасында 35 матчта алаңға шыққан. Клубтық деңгейде "Маңғыстау", "Ертіс", "Қайрат", "Тобыл", "Ордабасы", "Сұңқар", "Қайсар" және "Алтай" командаларында өнер көрсеткен.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар