Қазақстан құрамасының экс-ойыншысы жаңа клубқа ауысты

©kff

"Атырау" футбол клубы Бауыржан Тұрысбекпен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

30 жастағы форвард ұлттық құрама сапында 13 матч өткізіп, 3 гол соққан. Футболшы кезінде Сербияның "Раднички", Семейдің "Спартак", сонымен қатар, "Сұңқар", "Қайрат", "Тобыл", "Шахтер", "Тараз" және "Жетісу" клубтарында доп тепкен.

Еске салайық, "Атырау" командасы үш турдың қорытындысы бойынша ішкі чемпионатта сегізінші орында келеді. Әзірге батысқазақстандықтардың еншісінде 4 ұпай бар. Енді "Атырау" төртінші турда қонақта "Таразбен" кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар