Қазақстан құрамасының экс-қақпашысы қазақстандық командадан кетті
©"Астана" ФК
"Астана" қақпашыларының жаттықтырушысы Олег Воскобойников клубтан кетті, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
"Астана" қақпашыларының жаттықтырушысы Олег Воскобойников клубтан кетті, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
Тәжірибелі маман елордалық команданың жаттықтырушылар штабында өткен жылдың ортасынан бастап жұмыс істеді. Ол "Астанада" Николай Родионовтың орнын басқан еді.
50 жастағы Воскобойниковтың орнына клубқа жаңа бас бапкер Срджан Благоевичке жақсы таныс маман келеді. Бұл - "Каспий" қақпашыларының бапкері Милан Стойкович.
Олег Воскобоников ойыншы ретінде үш рет Қазақстанның үздік футболшысы атанған, ұлттық құрамада ойнаған. "Астанадан" бөлек "Қайраттың" бапкерлік штабында жұмыс істеген.
Жарнама