Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы "Тұран" сапына қосылды

©ҚФФ

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Ұлан Қонысбаев "Тұран" командасымен жаттығу жұмыстарын өткеріп жатыр, деп жазады Aladop.kz порталы. 

Түркістандық клубқа оны атақты ойыншы Таңат Нөсербаев шақыртқан. Екі ойыншы "Астана" сапында ойнағаннан бері жақсы дос. Сонымен қатар, "Тұран" қатарында Азат Нұрғалиев те бар екенін білесіздер. Ол Ұланның өміріндегі ауыр матч - Қытайға қарсы кездесуде гол салды.

Владимир Газзаев Қонысбаевты командаға алып, оған келісімшарт ұсынуы әбден ықтимал. Жамбылдық футболшы өткен жылы "Тараз" сапында "Астанаға" қарсы матчта алаңға шыққан еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport