Футбол
23 ақпан 2022 15:10

Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы жаңа командаға ауысты

©ҚФФ

30 жастағы Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы Виктор Дмитренко "Каспий" командасымен бірге жаттығуда, деп жазады KazFootball.kz порталы. 

Дмитренко Ресейде дүниеге келген. Ол карьерасын краснодарлық "Кубань" командасы сапында бастаған. Кейін молдовалық "Зимбру" және мәскеулік "Торпеда" сапында ойнаған. 

2012 жылы қорғаушы "Астана" командасымен келісімшарт жасады. Қазақстанға келген соң Дмитренко легионерлердің қатарында болмау үшін бірден еліміздің азаматтығын алды. Сөйтіп, сол жылы қорғаушы Қазақстан құрамасында алғашқы кездесуін өткізді. Жалпы ол бас-аяғы біздің құрама сапында 18 ойын өткізіп, бір гол соққан. 

Өз карьерасында қорғаушы Қазақстанда "Ақтөбе", "Шахтер" және "Ордабасының" намысын қорғаған. Ал оның соңғы командасы "Атырау" командасы болған еді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport