Қазақстан құрамасының бұрынғы футболшысы түркиялық команданың бас бапкері атанды

10 желтоқсан 2021 00:16
©ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Пірәлі Әлиев түркиялық "Истанбулспор U19" командасының бас бапкері атанды. Бұл туралы Meta-ratings.kz хабарлады. 

37 жастағы Алиев команда сапына келіп, кейін келісімшарт жасаған. 

Айта кетейік, Алиев Алматы футбол мектебінің тәлімгері. Ол өз карьерасында "Қайрат", "Астана", "Тобыл", "Ертіс" және "Атырау" командаларының намысын қорғаған. Сондай-ақ, Пірәлі Әлиев Қазақстан құрамасы сапында бес ойын өткізген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: