Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Пірәлі Әлиев түркиялық "Истанбулспор U19" командасының бас бапкері атанды. Бұл туралы Meta-ratings.kz хабарлады.
37 жастағы Алиев команда сапына келіп, кейін келісімшарт жасаған.
Айта кетейік, Алиев Алматы футбол мектебінің тәлімгері. Ол өз карьерасында "Қайрат", "Астана", "Тобыл", "Ертіс" және "Атырау" командаларының намысын қорғаған. Сондай-ақ, Пірәлі Әлиев Қазақстан құрамасы сапында бес ойын өткізген.