Қазақстан құрамасының бұрынғы футболшысы ресейлік клубқа бапкер болды

Сурет: "Динамо" ФК

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Анатолий Богданов санкт-петерборлық "Динамо" командасын жаттықтыратын болды,- деп хабарлайды KazFootball.kz.

"Динамо" ФК 1922 жылы құрылған, алайда, 2018 жылы таратылды, ал оның негізінде "Сочи" командасы жасақталды. "Сочи" сапында қазақстандық жас футболшы Акмаль Бахтияров өнер көрсетіп жүр.  2019 жылы "Динамо" қайта құрылды. 

39 жастағы Богданов Ресейде дүниеге келген, бірақ, карьерасының көп бөлігін Қазақстанда: "Оқжетпес", "Тобыл", "Восток", "Шахтер" және "Ақтөбе" сапында ойнады, соңғы командамен 2005 жылы ел чемпионы атанған.

2012 мен 2015 жылдар аралығы Қазақстан құрамасында ойнап, жалпы 14 матчке қатысқан.