Футбол
18 тамыз 2022 15:36

Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері ресейлік клубтан кетті

©"Торпедо" ФК

"Торпедо" клубы мен Александр Бородюк өзара келісім бойынша жұмыс істеуді тоқтатты, деп хабарлайды мәскеулік команданың ресми сайты. 

"Торпедо" командасы бес турдан кейін бір ұпай жинап, Ресей біріншілігінде "Урал" командасымен соңғы екі орынды өзара бөлісіп тұр. 

"Торпедо" басшылары, футболшыларына, қызметкерлеріне, бапкерлер құрамы мен дәрігерлер және жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді. Өткен маусымда біз Ресейдің екінші біріншілігін жеңіп, команданы Ресей чемпионатына алып шықтық. "Торпедо" клубы менің жүрегімде ерекше орын алады. Командағы сәттілік тілеймін. 

Біз бапкерге атқарылған жұмысы үшін алғыс айтамыз. Алдағы уақытта сәттілік тілейміз", - деп келтіреді Бородюктің сөзін клубтың ресми сайты. 

Айта кетейік, 59 жастағы маман Қазақстанда "Қайрат" пен Қазақстан ұлттық құрамасын жаттықтырды. Бірақ ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport