Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері командасын ЧЛ топтық кезеңіне алып шықты

©©fcviktoria.cz.

Елордалық "Астана" мен Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Михал Билек жаттықтыратын чехиялық "Виктория Пльзень" командасы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Плей-офф кезеңінде Билектің шәкірттері әзірбайжандық "Карабах" командасымен кездесті. Бұл командалар арасындағы бірінші кездесу 0:0 есебімен аяқталды. Ал өз алаңында чехиялық команда 2:1 есебімен жеңіп, топтық кезеңнің жолдамасын жеңіп алды. 

Еске салайық, 57 жастағы Билек 2019-2020 жылдары "Астана" мен Қазақстан құрамасының бас бапкері болды. Содан кейін Пльзень қаласының намысын қорғайтын команданың тізгінін ұстады. 

Айта кетейік, ЧЛ топтық кезеңіне "Виктория Пльзеньнен" бөлек португалиялық "Бенфика" және хайфалық "Маккаби" шықты. Топтық кезеңнің жеребесі ертең, 25 тамыз күні Ыстамбұл қаласында тартылады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар