Футбол
15 мамыр 2020 16:58
 
Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері еуропалық клубты жаттықтыратын болды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері еуропалық клубты жаттықтыратын болды Сурет: Hvg

Қазақстан құрамасының бұрығы бапкері Бернд Шторк келесі маусымнан бастап словакиялық ДАК командасын жаттықтырады. Кейінгі екі жыл германиялық маман бельгиялық "Мускрон" және "Серкль Брюгге" клубтарында қызмет атқарған. 

Sporza.be ақпаратынша, 57 жастағы Шторк жаңа жұмыс іздеген кезде оған бельгиялық "Антверпен" қызығушылық танытқан, алайда, ол амбициясы бар ДАК командасын таңдады. ДАК Словакия чемпионатында үшінші келеді.

Еске салайық, 2008 бен 2011 жылдар аралығы Шторк Қазақстанда еңбек еткен. Ол "Алма-Ата" мен "Цесна" командаларын, жастар (U-19) және ұлттық құраманы жаттықтырған. Оның жетекшілігімен еліміздің құрамасы 14 матч өткізіп, 11 рет ұтылды және үш рет жеңіске жетті, 2010 жылғы әлем чемпионатында алты команда арасында бесінші болды.

Кейін Шторк грекиялық "Олимпиакос" жастар командасы, Венгрияның ұлттық құрамасы (U-20) мен жастар құрамасын жаттықтырып, оны Еуро-2016 турнирінің 1/8 финалына дейін жеткізген.

Жарнама

Живи спортом!