Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Чехия құрамасының тізгінін ұстады

©fotbal.cz

Елордалық "Астана" мен Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Мирослав Беранек жаңа қызметке тағайындалды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Чехия футбол ассоциациясы таратқан ақпарат бойынша, 65 жастағы маман бұл елдің жастар құрамасының тізгінін ұстады. 

Беранек бұған дейін де осы қызметте болып, 2002 жылы Еуропа чемпионатын жеңіп алған. 

Еске салайық, Беранек 2011-2013 жылдар арасында "Астана" мен Қазақстан құрамасының тізгінін қатар ұстады. Қазақстаннан кеткеннен кейін бұл маман прагалық "Славияны" жаттықтырды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport