Қазақстан құрамасының биылғы алғашқы қарсыласы анықталды

©ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасы ақпан айында Түркияда жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр,. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет хабарлады.

Ақпарат бойынша, 12 ақпанда ұлттық команда ҚПЛ клубтарының легионерлер құрамасымен матч өткізуі мүмкін.

Әзірге бұл ойынды өткізу жолдары қарастырылып жатыр. Кездесу Ұлттар лигасы шешуші матчтеріне дайындық болмақ. Ал ФИФА жарыстарында аралық жоқ болғандықтан Еуропадан қарсылас табу қиынға соғады. Осы себепті легионерлер құрамасымен ойнап көру қарастырылды.

Еске слайық, Қазақстан Ұлттар лигасында Молдовамен 24 наурыз ("Зибру" стадионында) және 29 наурыз ("Астана Аренада") ойын өткізеді. Жеңімпаз С дивизионында орнын сақтап қалады, ал ұтылғаны төмен деңгейлі жарыста ойнамақ.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport