Нидерландтық маман Джон ван ’т Схип Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері ретінде таныстырылғаннан кейін команданың бапкерлер штабы белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.
Жаңа бас бапкердің штабына Нұрбол Жұмасқалиев пен Елдос Ахметов ассистент ретінде кірді.
Қақпашыларды дайындауға Юрий Новиков жауап береді. Команданың физикалық дайындығы Вадим Боровскийге жүктелсе, ұлттық құраманың аналитикалық сүйемелдеуіне Тимур Құсайынов жауапты болады.
Айта кетейік, Қазақстан футбол федерациясы нидерландтық маман Джон ван ’т Схиппен келісімге келді.
Маманды бас бапкер қызметіне ресми тағайындау КФФ жарғысына сәйкес оның кандидатурасын федерацияның Атқарушы комитеті бекіткеннен кейін жүзеге асады. Атқарушы комитеттің отырысы алдағы күндері өтеді. Осыдан кейін тараптар келісімшартқа қол қояды.