Қазақстан құрамасының бас бапкері мен жаттығу жиындарына қатысты ақпарат шықты

©ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасы ақпанда Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізеді, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

"Жаттығу жиындары УЕФА Ұлттар лигасындағы Молдовамен шешуші матчке дайындық аясында жоспарланған. Жиын 12 және 16 ақпан аралығы Анталияда өтеді. 

Құраманың бас бапкері Талғат Байсуфинов болып қалады", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, ұлттық құраманың Молдовамен ойыны 24 және 29 наурызда өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport