Қазақстан құрамасының бас бапкері Әзірбайжанға қарсы кездесуді қорытындылады
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Ұлттар лигасы Әзірбайжанға қарсы кездесуден кейін матч туралы пікірін айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Ұлттар лигасы Әзірбайжанға қарсы кездесуден кейін матч туралы пікірін айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтан қаласындағы "Астана Арена" стадионында өткен ойын 2:0 есебімен аяқталды. Екі голды да Абат Айымбетов соқты.
"Шынымен, алғашқы минуттар қиын болды. Біз басымдықты беріп қойдық. Әсіресе бірінші кезеңнің соңғы жағында. Үзіліс кезінде жігіттермен сөйлестім. Ойыншы да алмастырдым. Тың ойыншы шыққаны шешуші фактор дей алмаймын. Бірақ, өз көмегін тигізді.
Әзірбайжанның бапкері көп сөйлейді екен. Кеше де біраз әңгіме айтқан еді. Бүгін де. Біздің жолымыз болды депті. Футболда мықты команданың жолы болады негізі.
Ал жалпы кездесуге келетін болсақ, толық жүз пайыз көңілден шықпады. Әрине, әлі талай жұмыс істеу керек. Алда Словакияға қарсы кездесу. Бүгін біз сол ойынды да ойымызда ұстап тұрдық", - деді бапкер.
Сонымен қатар, Магомед Адиев Бауыржан Байтана туралы да ойын айтты.
"Байтана кейбір сәттерде көңілден шықпады. Дегенмен ол өзін жақсы көрсетті. Бірақ үзлістен кейін мен шешім қабылдап, оны алмастыру туралы шешім шығардым. Жоғарыда айтқанымдай, алда ойындар бар. Футболшылардың көбісі ойнауға мүмкіндік алады", - деді Адиев.
Баспасөз жиыны кезінде бапкер шабуылшыларды қалай таңдағанын да түсіндірді.
"Біз қарсыласқа қысым көрсеткіміз келді. Сол үшін таңдау Абат Айымбетовке түсті. Мен қалған ойыншыларды осал дей алмаймын. Артур Шушеначев екінші таймда шығып, өз міндетін жақсы атқарды. Осыған дейін мен басқа шабуылшымен сөйлесіп, неге шақырмағанымды да түсіндірдім", - деді маман.
Жарнама