ҚФФ Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовке резонанс тудырған әзілі үшін қанша айыппұл салғаны белгілі болды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматыдағы Словениямен ойыннан кейін ресейлік маманға журналистердің бірі сұрақты қазақша қойды, ал Черчесов оны "Сен қазір французша сөйлеп жатсың ба?" - деп бөліп жіберді.
"Первый спорт" телеграм-каналының хабарлауынша, Черчесовке 147 мың рубль немесе 738 400 теңге айыппұл салынды, бұл - 200 АЕК.
Бұған дейін Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов ұлттық құраманың бас бапкеріне қатысты қолданылған шаралар туралы айтқан еді.