Футбол
23 шілде 11:44

Қазақстан құрамасының бапкері қазақ тілін үйренуіне қатысты шындығын айтты

©Ресейдің футбол одағы

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қазақ тілін үйренуге қатысты ойын айтты. 

Бүған дейін Черчесов баспасөз мәслихатындағы оқиғадан кейін қазақ тілін үйрене бастағаны белгілі болған еді. 

"Қазақстан - үлкен ел, намысты, барлық жердегідей өзіндік ерекшеліктері бар. Сол өзгешеліктерге ақырындап бой үйретемін деп ойлаймын, күнделікті қажеттілігі бар кей сөздерді жаттап алдым. Ары қарай да үйрене беремін, тілді толықтай меңгеремін деп айта алмаймын. Жиі қолданатын сөздерді білу керек, сондықтан барынша біте қайнасуға тырысамын", - дейді Черчесов "Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport