Ресейлік маман Сергей Юран "Урал" футбол клубының бас бапкері қызметіне басты үміткер атанды, деп хабарлайды "Спорт-Экспресс".
"Астананы" жаттықтырған бапкерді "Уралдың" президенті Григорий Иванов өз клубына көргісі келеді екен. Мәлімет бойынша, тараптар кездесу де өткізген.
Айта кетейік, бұл қызметке кандидаттардың бірі Қазақстан құрамасының бапкері Магомед Адиев екені айтылуда.