Қазақстан құрамасының бапкері әлемдегі ең мықты 10 маманның тізіміне кірді

©ҚФФ

Ресейлік журналист Валерий Полевиков 2023 жылы ең мықты болған бапкерлер рейтингін жасады, деп жазады Vesti.kz.

Бұл тізімде жетінші орында Қазақстан құрамасының бапкері Магомед Адиев тұр.

"Рейтингтегі құраманың жалғыз бапкері. Бірақ биыл ол сияқты құрамамен осылай таңқалдырған ешкім бомады-ау. Соңғы орындардағы команданы Еуроға шығуға таластындай етті. Барлық рекордтардан асып, бұрын иісі де шықпайтын жаңа деңгейге жетті. Ойыншылардан мүмкіндігінің 200 пайызын сығып алады", - дейді Полевиков.

Рейтингте бірінші леверкузендік "Байер" бапкері Хаби Алонсо тұр. Алғашқы үштікте одан кейін Мичел Санчес ("Жирона") пен Унаи Эмери ("Астон Вилла").

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport