Қазақстан құрамасында ойнаудан бас тартқан қорғаушы жаңа клуб тапты

©rtvpancevo.rs

Сербиялық қорғаушы Александр Симчевич Босния және Герцоговина біріншілігінде өнер көрсететін "Железничар" сапына ауысты. Бұл туралы rtvpancevo.rs хабарлады. 

"Железничар" 34 жастағы қорғаушыны команданы күшейту үшін қатарына қосқан. Симчевич команданың жетінші жаңа ойыншысы атанды. 

Александр Қазақстан чемпионатында "Шахтер", "Ақтөбе" және "Тараз" сапында ойнаған. Оның соңғы командасы "Ордабасы" болды. Шымкенттік команда сапында ол өткен маусымда 24 кездесуге қатысып, үш гол соғып, екі нәтижелі пас берді. 

Айта кетейік, өткен жылы Симчевич Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетуден бас тартқан еді. 

Еске салайық, жаңа маусым алдында "Ордабасы" командасында қаржылық қиындықтар бар. Сондықтан да команда біраз ойыншыларын еркіне жіберді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport