Қызылордалық "Қайсардың" бұрынғы жартылай қорғаушысы Магомед Парагульгов кипрлік "Эрмис" клубына ауысты. Бұл туралы Кипр футбол федерациясының сайтында хабарланған.
Өткен маусымда "Эрмис" Кипрдің жоғары лигасына көтерілді. 2014 жылы команда Ел кубогының финалында ойнаған. Сонымен қатар, сол жылы "Эрмис" Кипр суперкубогын жеңіп алып, Еуропа лигасының іріктеуінде ойнады.
26 жастағы Парагульгов "Қайсар" сапына қыста қосылғанымен, бірде-бір матчте ойнамады.
Футболшы карьерасында семейлік "Спартак", "Қайрат" пен "Ертісте" өнер көрсеткен. Ол "Оле Бразил" академиясында оқыған және Бельгияда футбол бойынша білім алған.
2018 Қазақстан құрамасында ойнап, екі жолдастық кездесуге қатысты.