Қазақстан құрамасында өнер көрсету үшін миллион доллар сұраған қорғаушы команда ауыстырды

©stvv.com

Қазақстан құрамасы үшін өнер көрсетуден бас тартқан неміс қорғаушысы Роберт Бауэр бельгиялық "Сент-Трюйден" командасына ауысты. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады. 

Бельгиялық клуб футболшыны командаға көмектесу үшін алған. Себебі, Бауэр әмбебап ойыншы. Ол жартылай қорғаныста, оң қапталдағы қорғаушы және орталық қорғаушы ретінде ойнай алады. 

Еске салайық, бұған дейін Бауэрдің Қазақстан құрамасы үшін ойнауы мүмкін деген ақпарат шықты. Өйткені, оның әке-шешесі Қазақстан тумасы. Бірақ кеше Роберттің Қазақстан азаматтығын алу үшін бір миллион доллар сұрағаны анықталып, ҚФФ онымен келіссөз жүргізуді тоқтатқан. Ал Бауэрдің өзі бұл ақпаратты жоққа шығарды. 

Соңғы екі маусымды ол Ресей біріншілігінде тулалық "Арсенал" командасы сапында өткізді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар