Қазақстан құрамасында коронавирус жұқтырғандар кім? ҚФФ ресми мәлімдеме жасады

Фото: Vesti.kz. Тұрар Қазанғапов©️

Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құрама штабы мүшелерінің коронавирус жұқтырғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды,- деп хабарлайды baigenews.kz.

Бұның алдында жаттықтырушы Сергей Калюбин мен администратор Максим Шауберт COVID-19 жұқтырды деген ақпарат тараған болатын. 

"Францияға қарсы ойын алдында Калюбин сырқаттанып қалды. Коронавируспен емес, жай салқын тиіп. Ал Максим Шауберт тіпті бір апта бұрын отбасы жағдайына байланысты жұмыстан сұранып кеткен" - дейді ҚФФ баспасөз қызметінің жетекшісі Ермұхамед Мәулен.  

Естеріңізге сала кетейік, бүгін, яғни 29 наурыз күні Қазақстан құрамасы Киевке аттанды. 31 наурыздан 1 сәуірге қараған түні ұлттық құрама Украинаға қарсы ойнайды. Бұл матч Талғат Байсуфинов шәкірттері үшін 2022 жылғы әлем чемипионатына іріктеудегі екенші ойын болмақ. Франция құрамасына қарсы бірінші ойынды жерлестеріміз 0:2 есебімен жеңіліс тапқан еді.