Футбол
3 желтоқсан 09:43

Қазақстан құрамасында бас бапкерге қатысты нақты шешім шықты

©ҚФФ

Талғат Байсуфинов Қазақстан ұлттық құрамасының тізгінін әрі қарай да ұстайды - енді міндетін атқарушы емес, толыққанды бас бапкер ретінде, деп хабарлайды Vesti.kz сайты Sports24.kz порталына сілтеме жасап.

Маманмен келісімшартты алдағы күндері ресми түрде рәсімдеу жоспарланып отыр.

Байсуфинов жетекшілік ететін команда қазан айында екі матчі өткізіп, төрт ұпай жинады. Ал қарашада Қазақстан құрамасы Астанада 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде Бельгиямен тең түсті (1:1), содан кейін Хорватияның Пула қаласында өткен бейтарап алаңдағы жолдастық ойында Фарер аралдарынан ұтылды.

Байсуфиновта ұлттық құраманы басқару тәжірибесі мол - ол команданы 2016–2017 және 2020–2022 жылдары жаттықтырған. Енді жаңа маусымдағы Ұлттар лигасында Қазақстанды Байсуфинов бастап шығып, басты міндет - "Лига B" тобына жолдама алу.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport