Қазақстан құрамасынан екі рет жеңілген Словакия бас бапкерін тағайындады

©futbalsfz.sk

53 жастағы италиялық маман Франческо Кальцона Словакия құрамасының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Словакия футбол одағының (SFZ) баспасөз қызметі. 

Келісімшарт 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін жасалған. Егер Кальцона құраманы Еуро-2024 турнирінің финалдық кезеңіне алып шығатын болса, келісімшарт автоматты түрде ары қарай созылады. 

Айта кетейік, бұл қызметте Франческо Кальцона 49 жастағы Штефан Тарковичтің орнын басты. Осыған дейін италиялық маман "Перуджа", "Алсессандия", "Сорренто", "Эмполи", "Наполи" және "Кальяри" секілді командаларда бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарған. 

Еске салайық, Словакия құрамасы Қазақстанмен Ұлттар лигасында бір топтап. 3 дивизиондағы бұл командалар арасындағы екін ойында да (0:1, 0:2) есебімен біздің құрама жеңіске жеткен болатын. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport