"Тұран" командасының қорғаушысы Мардан Төлебек алдағы уақытта командасын ауыстыруы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Дереккөздің ақпараты бойынша, қорғаушыға Премьер-лигаға биыл ғана жолдама алған "Мақтаарал" командасы көз тігіп отыр екен.
31 жастағы Төлебек өткен маусымда 12 кездесуге қатысып, 2 гол соқты. Жанкүйерлерге Мардан "Ордабасы" сапында ойнап жүргенде жақсы таныс болды. Ол шымкенттік команда сапында жүргенде Қазақстан құрамасына да шақырту алды.
Еске салайық, "Мақтааралмен" бірге Премьер-лигаға "Ақсу" командасы да жолдама алды. Ал "Қайсар" мен "Жетісу" бірінші лигаға түсіп қалды.