Талғат Байсуфинов футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне ресми түрде тағайындалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) басшылығы 57 жастағы қазақстандық маманмен жаңа келісімшартқа қол қойды. Бұған дейін Байсуфинов ұлттық құраманың бас бапкерінің міндетін уақытша атқарып келген.
2025 жылы Байсуфинов жетекшілік еткен құрама қазан айында екі матч өткізіп, төрт ұпай жинады. Қараша айында Қазақстан құрамасы Астанада 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында Бельгиямен тең түсті (1:1). Ал одан кейін хорватиялық Пула қаласында бейтарап алаңда өткен жолдастық кездесуде Фарер аралдарына есе жіберді.
Бұл Талғат Байсуфинов үшін ұлттық құраманы басқарудағы алғашқы тәжірибе емес. Ол бұған дейін Қазақстан құрамасының тізгінін 2016–2017 және 2020–2022 жылдары де ұстаған. Енді бапкердің алдында Ұлттар лигасының жаңа маусымына дайындық міндеті тұр.
Негізгі мақсат Қазақстан құрамасын В лигасы деңгейіне шығару.