Қазақстан құрамасына келе ме? Карпович "Қызыл-Жар" командасынан кетті
©ҚФФ
"Қызыл-Жар" командасының бас бапкері Андрей Карпович қызметінен кетті. Бұл туралы маманның өзі Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Қызыл-Жар" командасының бас бапкері Андрей Карпович қызметінен кетті. Бұл туралы маманның өзі Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Биыл ол Қазақстан құрамасын уақытша жаттықтырған еді. Одан кейін құрамадан кеткен. Ал оның орнына Магомед Адиев келуі мүмкін деген ақпарат бар.
Айта кетейік, Карпович петропавлдық клубтың тізгінін 2021 жылдан бастап ұстады. Оның бастамасымен өткен маусымда "Қызыл-Жар" төртінші орын алып, еурокубокке жолдама алды.
Жарнама