Литвалық "Жальгирис" клубын жаттықтырған Владимир Чебурин Қазақстан құрамасына бас бапкер болып келуі мүскін, деп хабарлайды Vesti.kz.
60 жастағы қазақстандық маман ұлттық құраманың тізгінін ұстайтын басты үміткерлердің бірі ретінде аталып отыр. Чебурин – Еуропада сәтті жұмыс істеп жүрген ең табысты қазақстандық жаттықтырушы саналады.
Соңғы он жыл ішінде Литвада жемісті еңбек еткен бапкер "Жальгирис" пен "Судувамен" бірге алты рет ел чемпионы атанып (2017, 2018, 2019, 2021, 2022, 2024), төрт мәрте Суперкубокті, екі рет Литва Кубогін жеңіп алған.
2022 жылы Чебурин "Жальгирис" клубын Конференциялар лигасының топтық кезеңіне алып шыққан болатын.
Ақпарат көзінің мәліметінше, 2025 жылы Чебурин Литвадағы ең жоғары жалақы алатын бапкер атанды. Оның айлық табысы 13-тен 15 мың еуроға дейін (шамамен 9,5 миллион теңге) жеткен. Бұл сома Литваның A-Лигасындағы барлық бапкерлер мен ойыншылар арасындағы рекордты жалақы саналады.
Салыстырмалы түрде алғанда, қазіргі Қазақстан құрамасының бас бапкері Али Алиевтің жалақысы кемінде 7 миллион теңге болған.
Жарнама