Қазақстан құрамасына гол соққан шабуылшы Еуро-2020 турниріне қатыспайды

сурет: futbik

Аркадиуш Милик Польша құрамасының оқу-жаттығу жиынында алған жарақатына орай Еуропа чемпионатына бармайтын болды. Бұл жайында Польшаның футбол одағының ресми сайтында жарияланған. Ал бас бапкер Пауло Соуза болса шабуылшының орнына ешкімді қатарға қоспайтынын мәлімдеп отыр.

Милик Польша құрамасының сапында 59 матч өткізіп, 15 гол соққан. Польша құрамасы Еуро-2020 турнирінің бір тобында Испания, Словакия және Швеция командаларымен кездеседі.

2018-шы жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан мен Польша бір топқа түскен болатын. Варшавадағы ойында поляктар біздің құрамаға жауапсыз 3 гол салып, біреуі Миликтің еншісіне жазылған еді.

Метки: