Футбол
17 наурыз 2021 17:10

Қазақстан құрамасына "Ақтөбенің" 18 жастағы ойыншысы алғаш рет шақырту алды

Максим Самородов. Сурет: "Ақтөбе" ФК

Футболдан Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчтеріне дайындық аясында оқу-жаттығу жиындарын өткізеді (21 мен 31 наурыз аралығы),- деп хабарлайды Vesti.kz.

 28 наурыз Қазақстан өз алаңында Франциямен, ал 31-ші наурызда Украина құрамасымен ойнайды.

"Ақтөбе" футбол клубының баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жиынға ақтөбеліктер сапынан 24 жастағы Максим Федин мен 18 жастағы Максим Самородов шақыртылды. Самородов үшін бұл ұлттық құрамаға бірінші шақырту.