Франция құрамасы келесі жылы Катардағы әлем чемпионатына бірінші орынмен жолдама алды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. Дешам ойыншылары D тобында 15 ұпай еншіледі. Ал Қазақстан құрамасы 3 ұпаймен соңғы орынға жайғасты.
"Біздің негізгі мақсатымыз іріктеу турнирінде топта бірінші орын алу еді. Ол мақсатымызға жеттік. Алаңға шыққан футболшыларымыз ойыннан ләззат алғанын көрдік. Бұл командамызбен жасалған қажырлы еңбектің арқасы. Үзілістен кейін қарқын төмендейді деген қорқыныш болды. Бірақ жігіттеріміз Қазақстан құрамасын сыйлағаннан екінші таймда барын салып ойнады", - дейді Дешам.
Еске салайық, ӘЧ-2022 іріктеу турнирінің соңғы матчын Парижде өткізген Қазақстан құрамасы франуздарға 8:0 есебімен ойсырай ұтылды. Бұл тәуелсіз қазақ футболының тарихындағы ең ірі жеңіліс болып тіркелді.