1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Бүгін 12:07
 

Қазақстан құрамасын Роналдудың бұрынғы командаласы жаттықтыруы мүмкін

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан құрамасын Роналдудың бұрынғы командаласы жаттықтыруы мүмкін ©

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне португалиялық маман Руи Жоржені үміткерлердің бірі ретінде қарастырып отыр, деп хабарлайды Vesti.kz сайты ASnews.kz-ке сілтеме жасап.

blog.share

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне португалиялық маман Руи Жоржені үміткерлердің бірі ретінде қарастырып отыр, деп хабарлайды Vesti.kz сайты ASnews.kz-ке сілтеме жасап.

Руи Жорженің тәжірибесі

52 жастағы бапкер әлемдік футбол жұлдыздарының тұтас буынын тәрбиелеген Португалияның 21 жасқа дейінгі құрамасында 15 жыл еңбек еткен. Ол 2010 жылдың қарашасынан 2025 жылдың шілдесіне дейін жастар құрамасын басқарды және Еуропада U21 құрамалар арасында ең ұзақ жұмыс істеген бапкер атанды.

Осы уақыт аралығында Руи Жорженің қол астында тәрбиеленген 65 футболшы Португалияның ұлттық құрамасында өнер көрсетті. Олардың қатарында Бернарду Силва, Бруну Фернандеш, Жоау Канселу және Диогу Кошта сияқты әлемдік деңгейдегі ойыншылар бар.

Руи Жорже UEFA Pro лицензиясына ие және ұлттық құрамалармен жұмыс істеуде бірегей тәжірибесімен ерекшеленеді. Ойыншы ретіндегі мансабында ол "Спортинг" клубының сапында бес мәрте "Алтын доп" иегері Криштиану Роналдумен бірге алаңға шыққан.

Қазақстан құрамасындағы жағдай

Қазіргі таңда Қазақстан ұлттық құрамасын Талғат Байсуфинов жаттықтырып отыр. Оның басшылығымен команда төрт матч өткізді: бір жеңіске жетіп, екі рет тең ойнап, бір рет жеңіліс тапты.

Байсуфиновтың келісімшарты желтоқсан айының соңында аяқталады. Осыдан кейін ҚФФ жаңа бас бапкерді тағайындау мәселесін қарастырады.

Айта кетейік, Руи Жорже 2025 жылдың шілдесінде Португалия футбол федерациясымен келісімшартын аяқтады және қазіргі таңда еркін агент саналады. Бұл жағдай оған Қазақстан тарапынан түсетін ұсынысты қарастыруға мүмкіндік береді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!