Қазақстан құрамасы үшін 30 матч ойнаған футболшы карьерасын аяқтады

Сурет: "Оқжетпес" ФК
37 жастағы футболшы Ренат Абдулин ойыншы карьерасын аяқтады. Қорғаушы ойнаған кейінгі клуб "Оқжетпес" болатын, өткен маусымда көкшетаулық команда үшін ол жеті матчке қатысты, оның біреуі бірінші лигада өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты Transfermarkt порталына сілтеме жасап.

Абдулин карьерасын алматылық "ЦСКА-Кайрат" клубында 1999 жылы бастаған. Кейін "Қайрат", "Восток-Алтын", "Локомотив", "Тобыл", "Қайсар", "Ордабасы", "Атырау" командаларында өнер көрсеткен.

"Қайрат" (2004) және "Тобылмен" (2010) екі рет Қазақстан чемпионы атанды. 2002-2016 жылдар аралығы Қазақстан құрамасы үшін 30 матчте ойнап, екі гол салды.

Айта кетейік, маусым аралығында "Ордабасының" бұрынғы ойыншылары Кирилл Ковальчук пен Валерий Коробкин де карьерасын аяқтады. 
Жаңалықтар