Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының жаңа маусымындағы бірінші голын соқты

©Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның шабуылшсыы Абат Айымбетов Ұлттар лигасының жаңа маусымында құрамамыздың бірінші голын соқты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Шабуылшы Әзірбайжанға қарсы кездесудің 50-минутында алаңның ортасынан допты қабылдап, шірене тепті. Бұл соққыдан кейін доп маңдайшаға тиіп, қақпаға кіріп кетті. 

Айта кетейік, аталған кездесу "Астана-Арена" стадионында өтуде. 

Осы кездесуден кейін Магомед Адиевтің тәлімгерлері 6 маусым күні Словакия, 10 маусым күні Беларусь құрамасына қарсы кездесу өткізеді. Бұл екі ойын да сырт алаңда болады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport