Қазақстанның шабуылшсыы Абат Айымбетов Ұлттар лигасының жаңа маусымында құрамамыздың бірінші голын соқты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Шабуылшы Әзірбайжанға қарсы кездесудің 50-минутында алаңның ортасынан допты қабылдап, шірене тепті. Бұл соққыдан кейін доп маңдайшаға тиіп, қақпаға кіріп кетті.
Айта кетейік, аталған кездесу "Астана-Арена" стадионында өтуде.
Осы кездесуден кейін Магомед Адиевтің тәлімгерлері 6 маусым күні Словакия, 10 маусым күні Беларусь құрамасына қарсы кездесу өткізеді. Бұл екі ойын да сырт алаңда болады.