Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында өз тобында бірінші орынға шықты
Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы жеңісінен кейін өз тобында бірінші орынға шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы жеңісінен кейін өз тобында бірінші орынға шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Бірінші кездесуін біздің құрама Нұр-Сұлтан қаласында Әзірбайжан құрамасына қарсы өткізіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Мамгомед Адиев құраманың бас бапкері ретінде өткізген алғашқы кездесуін жеңіспен бастады.
Бұл нәтижеден кейін Қазақстан құрамасы С тобындағы үшінші себетте бірінші орынға шықты. Бүгін осы топтағы екінші кездесуде Беларусь пен Словакия құрамалары өзара кездесу өткізеді.
Айта кетейік, енді Қазақстан құрамасы 6 маусым күні Словакия, 10 маусым күні Беларусь құрамасына қарсы кездесу өткізеді. Екі ойында сырт алаңда болады.
Жарнама