Қазақстан құрамасы Түркия жерінде жолдастық кездесу өткізетін болды
Қазақстан құрамасы Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп, бір жолдастық матч ойнауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.
Қазақстан құрамасы Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп, бір жолдастық матч ойнауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.
Талғат Байсуфинов баптайтын Қазақстан ұлттық құрамасы 12 ақпан күні Түркияның Анталья қаласында жиналады. Ал 13 ақпан күні Қазақстан клубтарының легионерлері командасына қарсы жолдастық матч өтеді. Легионерлер құрамасын Андрей Карпович пен Самат Смақов жинақтайды деп шешілді. Бұл мерзімде ФИФА-ның ресми датасы болмағандықтан, ұлттық құраманы ұзақ мерзімге ұстап отыруға болмайды.
Қазақстан құрамасының жанкүйерлері бұл матчты тікелей эфирде көре алады. Матчтың көрсетілімі қай платформадан таратылатынын және уақытын кейінірек хабарлаймыз.
Жарнама