Қазақстан құрамасы ТЖ жарияланған Молдоваға қалай жететіні анықталды

©ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасы Үлттар лигасындағы мачті өткізу үшін Молдоваға қалай жететіні белгілі болды, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

22 наурызда ұлттық команда Нұрс-Сұлтаннан Румынияға чартерлі рейспен ұшпақ. Ары қарай көрші елден Кишиневқа автобуспен барады.

Айта кетейік, 24 ақпаннан бері Украинадағы жағдайға байланысты Молдовада ТЖ жағдайы енгізіліп, әуе кеңістігі жабылған.

Еске салайық, командалар Ұлттар лигасы C дивизионында қалу құқы үшін таласады. Бірінші ойын 24 наурыз Кишиневтегі "Зимбру" стадионында, ал қарымта 29 наурыз "Астана Аренада" өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport