Қазақстан құрамасы сырт алаңда Финляндиядан жеңілді

Сурет: ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасы 2020 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатының іріктеуінде сырт алаңда Финляндия құрамасымен кездесіп, жеңілді, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Финляндияның Хельсинки қаласында өткен ойын 1:0 есебімен алаң қожайындарының пайдасына аяқталды. 

Екі құрама да кездесудің бірінші таймында гол соға алмады. Ал екінші таймда алаң иелері алға шықты. 60 минут аяқталар тұста Йоэль Похьянпало қапталдан асырылған пасқа бірінші жетіп, кездесудегі жалғыз голды соқты. 

Бұл Талғат Байсуфинов жаттықтыратын Қазақстан құрамасының іріктеудегі екінші жеңілісі. Осыған дейін біздің құрама Франциядан 0:2 есебімен жеңіліп, Украина құрамасымен екі рет тең ойнады. 

Енді Қазақстан құрамасы Босния және Герцоговинияға аттанады. Сырт алаңдағы бұл ойын 7 қыркүйекте өтеді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: